Құрметті Манира Крыкбайқызы!
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы Сізді мерейтойыңызбен құттықтайды!
Манира Крыкбайқызы химия ғылымдарының кандидаты, Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебінің қауымдастырылған профессоры. 2010 жылдан бастап «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы, 2011 жылдан 2015 жылға дейін аталған кафедраның меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда университетіміздің белді де беделді оқытушыларымыздың бірі.
Осы кезеңге дейін көп нәрсе жасалынды, керемет өмірлік тәжірибе алынды. Сізге қол жеткізілген жетістіктерге тоқталмай, жаңа мақсаттарға ұмтылуды, жас ұрпақты тәрбиелеуде алға жылжуды тілейміз! Сізге сарқылмас қуат, жағымды эмоциялар, мықты денсаулықпен бірге әрқашан сіздің «Сәттілік» серігіңіз болсын! Сіздің алдыға қойған кез-келген мақсаттарыңыз нақты және қол жетімді болсын! Сіздің айналаңызда әрқашан тек жақсы, адал және шынайы адамдар болып, әр жаңа күн бақыт пен қуаныш әкелсін!