ШҚТУ IT колледжінің студенттерімен TEDх, яғни идеялармен бөлісу форматында жиын өтті. Д.Серікбаев атындағы жоғары техникалық IT колледжінің студенттері «Парасат» кеңес беру орталығының директоры, сарапшы-психолог Беркімбаева Индира Қилымбекқызымен бірге «Парасаттылық қағидалары»тақырыбында маңызды да қажетті ақпараттар талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.
Жаңаша көзқарас, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып студенттер белсенді ой білдіріп, пікір алмасты. Осындай TED х форматындағы кезесулер танымдық деңгейі жоғары, өзіндік өмірлік стратегиясын жүзеге асыра алатын, өз өміріне жауапты парасатты тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.