Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 79 жыл толып отыр. Мереке қарсаңында ШҚТУ-да IT колледжінің студенттері мен оқушыларына университет ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін еске алуға арналған ашық дәріс өтті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сергиенко Любовь Спиридоновна студенттерге ардагерлердің жауынгерлік жолы, олардың жетістіктері туралы айтып берді, олардың ішінде ШҚТУ-дың бірінші ректоры, танкист Дәулет Серікбаевтың жолы туралы айтылды. Университет қызметкерлері мен оқытушыларының ішінен 100-ден астам адам тыл еңбеккерлері мен майданға көмектескендер болды. Бүгінде олардың 11-і ғана қалды. Университеттің тыл еңбеккерлеріне әрқашан қол ұшын созу, материалдық қолдау көрсету бүгінде дәстүрге айналды. Биыл тыл еңбеккерлері материалдық көмек алды.
Сондай-ақ, ардагерлер кеңесінің шығармашылық ұжымы балаларға арналған Соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Елімізде әрқашан бейбітшілік заман, ұрпағымыз аман болсын! Тәуелсіз еліміздің мәртебесі биіктей берсін!