2020 жылдың 27 қарашасында Д.Серікбаев ат. ШҚТУ-ң Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы С.Аманжолов ат. ШҚУ-ң Қазақстан тарихы кафедрасымен бірлесіп өлкетанушы Р.С. Федорованың 80-жылдығына арналған «Шығыс Қазақстандағы тарихи өлкетану ісі: дәстүрі мен келешегі» атты халықаралық өлкетанулық вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты Шығыс Қазақстанның тарихи өлкетануының даму басымдылықтарын өзектендіру, туған өлке тарихы туралы білімдерді бұқараландыру, тарихи мұраларды зерттеу.
Вебинар спикерлері: жоғарғы оқу орындардың ғалымдары Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-і, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Шәкәрім университеті, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, ҚАЕУ-і, ШҚО ішкі саясат басқармасының өкілдері, өлкетану қызметімен айналысатын орталық қызметкерлері – Тольятти қ. қалалық кітапханасы (Ресей), ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, ШҚО Мемлекеттік мұрағаты, ШҚО тарихи өлкетану мұражайы, ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы. Вебинар жұмысына облыстың 14 ауданынан мектеп мұғалімдері және Германия, Ресей, Корея, Босния және Герцоговинадан қонақтар, сонымен қоса жоғарғы оқу орындар мен колледждердің оқытушылары мен студенттері, музей, архив және кітапхана қызметкерлері қатысты. Вебинарда қызметін өлке тарихын зерттеуге арнаған өлкетанушы, ардагер-ұстаз Федорова Раиса Самуиловнаға арналған «Жадымда тұрар жаңғырып» атты фильм көрсетілді.
Жиынның соңында спикерлерлер туған өлке тарихын зерттеп және насихаттау мақсатында «Туған жер тарихы» атты облыстық үйлестіруші орталық құру туралы шешім қабылдады.