Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың әскери кафедрасы өзінің 15 жылдығын атап өтті. Кафедра мүшелтойына арналған салтанатты шарада университет ректоры Н.Темірбеков осы уақытта әскери кафедра Қазақстанның Қарулы күштері үшін 3200 маман тәрбиелегенін айтты. Кафедраның қызметкерлері мен оқытушылары өз міндеттерін табысты орындап келеді.

ҚР үшін әскери мамандар әзірлеудегі елеулі үлесі үшін кафедра мерекесі құрметіне оның қызметкерлері облыс, қала әкімдерінің грамоталарымен, ШҚМТУ ректорының марапаттарымен марапатталды.