Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де «Қаржы орталығы» АҚ жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызымен ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті 3 жыл мөлшерлес жұмыс өтілімі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізді. Кездесуге Басқарма мүшесі-академиляық мәселелер жөніндегі проректор Асия Машекенова және білім алушылар қатысты.

Қаржы орталығының аға маманы Ақзира Серікқалиқызы ҚР Ғылым және жоғары білім Министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістермен таныстырды. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жас мамандармен интеграциялық өзара әрекеттесу бойынша «Қаржы орталығы» АҚ жүргізетін жұмыс түрлері көрсетілді.

2024 жылғы түлектерге 1414 нөмерінен СМС хабарлама түскен жағдайда не істеу керектігі жөнінде түсініктеме берілді. Зейнетақы жарналарын тексеру үшін жас маман цифрлық деректерге қол жетізуге келісім беру үшін 511 немесе 512 нөмерін теру қажет.

Кездесу барысында түрлі сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Болашақ мамандарға азаматтық-құқықтық жауапкершіліктері туралы ескертілді, білім грантын жұмыспен өтеу мәселесіне мұқият көңіл бөлу керек екендігі туралы айтылды.

Кездесу туралы толық ақпарат ШҚТУ сайтында орналастырылады. Толық аққпаратты Мансап оралығынан алуға болады.