Ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні сағат 16.00-де ШҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Ертіс концерт» залында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында «Тіл - рухани қазына» облыстық фестивалі өтті.
Осы орайда аталмыш іс-шараға «Қош келдің, студент!» акциясы аясында жастардың рухани-эстетикалық және мәдени дамуларын қалыптастыру үшін біздің студенттер фестивальдің көрермен болды.
Фестивальдің мақсаты: ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-қимыл жоспарын жүзеге асыра отырып, тілдік негізде кемсітушіліктің кез-келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, оның алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің және өзге де тілдердің одан ары дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыруды жүзеге асыру.