1) Өтініш қабылдау мерзімдері өзгертілді: 1-30 сәуір (1 сәуір – 5 мамыр аралығы). Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты құжат қабылдау 20 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы мерзімде жүзеге асырылады;
2) ҰБТ-ға қатысу үшін білім туралы құжат түпнұсқасының орнына Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар мен ағымдағы жылы орта білімді шетелде аяқтайтын түлектер өзі оқитын орта білім беру ұйымынан мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен еркін нысанда анықтама тапсырады;
3) 086-У нысандағы медициналық анықтама бекітілген электрондық форматқа ауыстырылды;
4) ҰБТ-ның қағаз сертификаты электронды сертификатпен ауыстырылды;
5) Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен анықталған түсуші сол тестілеуге жіберілмейді және ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады;
6) Тестілеу барысында аудиторияда тыйым салынған затпен анықталған тестіленушінің нәтижесі жойылады және ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады;
7) Тестілеуге өз орнына «бөтен тұлғаны» кіргізуге талпынған және кіргізген оқуға түсушілерге ағымдағы жылы ҰБТ тапсыруға рұқсат етілмейді;
8) ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін бейнебақылау жазбаларына талдау жүргізіледі. Оқуға түсуші тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда, оның ҰБТ мен білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылады.