Германияғаға сапары аясында ОӘЖ жөніндегі проректор Сәуле Рахметуллина Бонн университетіне жолықты. Мұнда неміс әріптестерімен инновациялық білім беру бағдарламаларын мақұлдау үрдісі жалғасуда. Кездесуге д-р Питер Шульце Ламмерс және д-р Стефан Курцман қатысты. Әріптестер ШҚМТУ проректорын ғылыми зерттеулер бағыттарымен таныстырды. «Нақты ауыл шаруашылығы» білім беру бағдарламасының мазмұны және осы бағдарлама аясында ынтымақтастық жолдары талқыланды және келісілді.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі