28 наурыз күні К.И. Сатпаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университетінде жоғарғы оқу орыны студенттері арасындағы Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Біздің университеттің Ақпараттық жүйелер кафедрасының төрт студенті олимпиадалық тапсырмаларды сәтті орындап, жүлделі орындарға ие болды.
Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтама мамандығы бойынша Астафьев Артем (10-ВТ-1) жеңімпаз болды. Алдыңғы жылдың нәтижені жақсартып, екінші орыннан бірінші орынға көтерілді.
Бұл мамандық бойынша үшінші студент болған 11-ВТ-1 тобының студенті Бейсембаев Дамир екінші орынға иеленді. Ол Пономарев Романнан (К.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ) үшжүздік өлшеу шкаласымен санағанда 7 балға ғана жеңілді.
Скрипникова Татьяна (10-ИС-1) және Канцевич Алена (11-ИС-1) ақпараттық саладағы мамандар дуэті алдыңғы жылғы нәтижені қайталап, II және III орынға иеленді.
Жүлдегерлер мен кафедра коллективін алты жылғы нәтижені жақсысартуымен құттықтаймыз!
Алға АйТи мамандары!!!
Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушы Загайнов И.А.