Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық Университеті информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысуға 10-11 сыныптардағы оқушыларды шақырады(Ақпараттық хат).
Жарыс екі байқау форматында өтеді:
- Бағдарламалау. Пайдалануға рұқсат етілген бағдарламалау тілдері: Pascal - FreePascal 2.6 компиляторы немесе жоғары (http://freepascal.org), C/C++/C++11 - 4.8 нұсқасы MinGW GCC/G++ компиляторы немесе жоғары (http://mingw.org).
- Тестілеу. Офистік технологиялар (MS Excel, MS Word, MS PowerPoint) бойынша теориялық білімдерін тексеру.
Олимпиаданы өткізу түрі:
- Олимпиада Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың компьютерлік дәрісханаларында өткізіледі
- уақыт бойынша ұзақтығы астрономиялық үш сағаттан көп емес(180 минут)
«Объектілік-бағытталған бағдарламалау және офистік технологиялар» олимпиадасының қорытындысы бойынша қазылар алқасы мадақтамалар және силықтармен марапатталатын олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарды айқындайды.
Олимпиаданың жұмыс тілі : қазақ,орыс.
Олимпиадаға қатысушылар 2016 жылдың 20 наурызына дейін олимпиадаға қатысуға мәлімдеме берулері тиіс(мәлімдеме үлгісі тіркелген). Олимпиада қатысушылары 2016 жылдың 20 наурызында 9.00-9.30 дейін тіркелу кезінде өздерімен жеке куәліктері болуы тиіс. Мектеп тобы топтың оқытушы-жетекшісімен бірге жіберіледі.
«Объектілік-бағытталған бағдарламалау және офистік технологиялар» пәндік олимпиадаға қатысуға арналған құжаттарды ШҚМТУнің электронды мекенжайына 2016 жылдың 20 наурызына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.