Д.Серікбева атындағы ШҚМТУ академиялық адалдықты білім алушылардың зияткерлік дамуының ажырамас бөлігі деп есептейді. Студенттердің жеке адалдығы мен өз оқуы үшін жауапкершілігін жетілдіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті өкілі Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Р.Б.Набиев 2 курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді.
Аталмыш кездесуде президентіміздің «Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі»,- деген сөзін ескере отырып, Абай мұрасы негізінде адалдық мәдениетін қалыптастыру қағидалары, әділ және адал еңбек ету, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы айтылды. Болашақта студенттер арасында адалдық, парасаттылық қағидаттарын дамыту жөніндегі шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады.
Сонымен қатар, Университетімізде Абай мұрасы негізінде адалдық мәдениетін қалыптастыру қағидалары, әділ және адал еңбек ету, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы «Адалдық сағаттарын» өткізу болашақта дәстүрге айналамақ.