Құрметті Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері! Covid-19 індетінің таралуына байланысты академиялық ұтқырлық аясында шетелде білім алу үшін студенттер жолдамалары тоқтатылды.
Бүгінгі күні коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімі белгісіз. Сол себепті 2020 жылғы 2 сәуірдегі №6 республикалық бюджет комиссиясының шешімімен сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыруға арналған бюджеттік шығыстар қысқартылды.
Құжаттар елдегі карантиндік режим аяқталғаннан кейін қайтарылады.
Интернационализация және халықаралық ынтымақтастық басқармасы