Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында адами мінез-құлықтың жарқын үлгісін қалыптастыру, ұлылардың ұлағатын қолдану басты назарға алынды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша бас имамы, облыстық "Халифа Алтай" мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай студенттермен кездесті.

Шараның мақсаты – жастар бойында адалдық, парасаттылық құныдылықтарын дәріптеу болып табылады. Спикер мінез-құлықтың жоғары мәдениеті, адалдық пен әділдіктің мызғымас қағидалары бар қоғамды құруда әрбір адамның белсенді азаматтық ұстанымы маңызды рөл атқаратыны атап өтті. Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап берумен қатар, адалдық, имандылыққа қатысты студенттердің де пікірлері тыңдалды. Сөз соңында Ермек Мұқатайұлы «Ислам- білімнің, ағартушылықтың, мәдениеттің діні. Ең бастысы – біліммен тәрбие ұштасса ғана ел болашағы жастардың жолы жарқын болмақ» - деп, білім мен ғылым жолында адал қызмет етуге шақырды!