Бүгін Д.Серикбаев атындағы ШҚТУ-да 2022 жылы алғаш рет Ғылыми кеңес өтті. Елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Кеңес - Online форматта ұйымдастырылды.

Өткен жылдың соңында көптеген жағымды жаңалықтар болды. ШҚТУ профессоры Куленова Наталья Анатольевна «Халық алғысы» медалін иеленді. Білім беру саласында жемісті еңбек еткен Наталья Анатольевна Covid-19 пандемиясымен күресте ерекше көзге түсті. Оның басшылығымен антисептикалық құрал жасалды, ол университетте, зауыттарда және аймақтың басқа да оқу орындарында қолданылды.

Тағы бір жаңалық-бірден үш ғалымға мемлекеттік ғылыми стипендиялар тағайындалды. Дудкин Михаил Васильевич, Асанов Дәулет Асанұлы және Ғабдысалық Ризе 2021-2022 жылдарға арналған Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшін мемлекеттік ғылыми стипендиялар берді.

ШҚТУ профессорлық-оқытушылық құрам бір орында тұрмайды, әрдайым ізденісте. Бәсекеге қабілетті болуға тырысады. Осылайша, 2021 жылғы іріктеудің үшінші легінің қорытындысы бойынша республикалық комиссияның шешімімен бірден 11 ғалым «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Сонымен бірге, Томск политехникалық университетінде «Iскерлік әкімшілендіру шебері-Master of Business Administration (MBA)» қосымша кәсіби даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткен 10 маманға дипломдар табысталды.

Ғылыми кеңес мектеп декандарының баяндамаларымен жалғасты. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық жоғары оқу орындарын және шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырғаны мәлім. Бұл инженерлік білімнің сапасына оң өзгерісін тігезеді. Өткен жылдың соңында ШҚТУ ректоры ҚР БжҒМ делегация құрамында Мәскеуге барып келді. Сапардың негізгі мақсаты - ынтымақтастықты талқылу, ҚР жоғары оқу орындарында филиалдар ашу мүмкіндігін пысықтау.

Стратегияларды қорғауда әлемдік талаптар мен үрдістерді ескере отырып, біздің ЖОО-ның даму траекториясын түзету үшін әлсіз және күшті жақтары анықталады. Бүгін үш мектептің декандары жобаларын қорғады. Жұмыс ертең жалғасады.

Бұдан басқа, Ғылыми кеңес отырысында республикалық және жергілікті бюджет есебінен жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға үміткерлердің өтініштері қаралды.