Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметінің негізгі бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және саясатқа сүйенеді. Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бұл ретте университет тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен ғана емес, осы салада жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктермен де ынтымақтастықта.
Бүгін Жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы мен қоғамдық бірлестіктің Шығыс Қазақстандағы филиалы директоры Манаков Жомарт Нұрқанұлының қатысуымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қоғамдық бірлестіктің елімізде 16 филиалы бар.
Қоғамдық ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Бірлестік Жарғысына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, оның салдарын, алдын алу шараларын жүзеге асырады.