ЖТК Директоры Альфия Хазиеваның бастамасымен колледж және Foundation факультетінің студенттерінің Өскемен қаласының ІІБ Үлбі ПБ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар Анна Уразбаева және Әділ Мауткановпен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге сондай-ақ Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму басқармасы меңгерушісі Маншук Байзелдинова және Университет нысандарының қауіпсіздік қызметінің өкілдері қатысты.

Профилактикалық кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мәселелері қамтыды. Полиция қызметкерлері қиын жағдайларда қалай әрекет ету керек, көмек алу үшін қайда хабарлау керектігі жайында ақпарат ұсынып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

ШҚМТУ Баспасөз Кызметі