Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жатақханасында Әлеуметтік тәрбие ісі және азаматтық даму басқармасы мен ішкі қауіпсіздік қызметінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласы полиция бөлімінің полиция капитаны - Магзумов Еркебулан Талгатович және полиция лейтенанты - Сағиев Найман Жұмабекұлымен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша студенттермен кәсіби әңгіме жүргізу. Студенттерге көпшілік ортада және жатақханада жүріп-тұру ережесі, құқық бұзушылықтың алдын алу әдістері, әкімшілік және қылмыстық бұзушылық үшін жазалау шаралары, студенттердің уақытша тіркелудің қажеттілігі түсіндірілді.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауап берілді.