2022 жылдың 1 қарашасы мен 18 қарашасы аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсу үшін КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУге қатысуға өтініштер қабылданады.
Кешенді тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Тіркелу кезінде тестілеу өтетін ЖЕРДІ (қаланы) өзіңіз таңдайсыз!
Тестілеудің ЖЕРІ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат қараша айында талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
КТ шекті баллдары төмендегідей: Ғылыми-педагогикалық магистратура – 75 балл (мемлекеттік грант және ақылы негізде қабылдау үшін). Бейіндік магистратура – 50 балл (мемлекеттік грант және ақылы негізде қабылдау үшін). Оның ішінде екі бағыт бойынша: Шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық магистратура); ТГО – кемінде 7 балл; GOP профилінде – 7 балл (әр пән бойынша).
ЕСКЕРТУ: Ережені бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген тұлғалар, сондай-ақ нәтижелері 2022 жылы жойылған тұлғалар кешенді тестілеуге қайта қатысуға жіберілмейді.
2022 жылдың 20 шілдесі мен 10 тамызы аралығында өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
КТ-ға қатысу құны 11020 теңге. Барлығына сәттілік тілейміз!
http://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5448
Мерзімдер
2022 ж. |
МАГИСТРАТУРА |
---|---|
01.11.-18.11 |
ҚР БҒМ ҰТО арқылы КТ қатысу үшін онлайн тәртіпте өтініштерді қабылдау |
28.11-11.12 |
КТ тапсыру күндері |
10.01.дейін |
Магистратураға қабылдау |
Магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының саны
Ғылыми-педагогикалық магистратура
Коды |
БББ атауы |
Грант саны |
---|---|---|
M075 |
Маркетинг және жарнама |
6 |
M090 |
Физика |
31 |
M092 |
Математика және статистика |
110 |
M098 |
Жылу энергетикасы |
44 |
M099 |
Энергетика және электр техникасы |
17 |
M100 |
Автоматтандыру және басқару |
4 |
M103 |
Механика және металл өңдеу |
219 |
M104 |
Көлік, көліктік техника және технология |
42 |
M116 |
Тау-кен инженериясы |
11 |
M117 |
Металлургиялық инженерия |
132 |
M118 |
Пайдалы қазбалар байыту |
20 |
M121 |
Геология |
88 |
M122 |
Сәулет |
15 |
M124 |
Құрылыс |
60 |
M126 |
Көлік құрылысы |
42 |
M133 |
Орман шаруашылығы |
3 |
M150 |
Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар |
30 |
M151 |
Көлік қызметтері |
4 |
|
Барлығы |
878 |
Бейінді магистратура
Коды |
БББ атауы |
Грант саны |
---|---|---|
M099 |
Энергетика және электр техникасы |
11 |
M104 |
Көлік, көліктік техника және технология |
1 |
|
Барлығы |
12 |
http://testcenter.kz/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5453
Құжаттар тізімі:
- ұйым басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
- жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа + көшірме);
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) + көшірмесі;
- 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
- шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
- ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), шекті балл - кемінде 6,0; TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet - based test), шекті балл-кемінде 60;
- TOEFL PBT (тест of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл - кемінде 498; неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveauc1/С1 деңгейі); француз тілі: TFI (test de FRANZAIS InternationalTM) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес, DELF (Diplome d ' Etudes en langue franzaise) - B2 деңгейі, DALF (Diplome Approfondi de Langue franzaise) - C1 деңгейі, TCF (Test de connaissance du franzais) - кемінде 50 балл (болған жағдайда);
- еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда).