Дайындықтың IT-бағыттарына түсу кезінде талапкерлер келесі оқу жылынан бастап физика емес, информатика пәндерін тапсыратын болады.
ҚР БҒМ-ге ЖОО-да IT-бағыттары бойынша оқуға ниет білдірген талапкерлер үшін ҰБТ өткізу кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер келіп түседі.
Осыған байланысты Министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатиканы» тапсырады деген шешім қабылдады.
Ағымдағы 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша ағымдағы жылы осы дайындық бағыттарына (Наурыз ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика+Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.