Жақсы дәстүрге сүйене отырып, өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған жұмыстарыңыз бен жақсы нәтижелеріңіз үшін алғыс айтамын. Біздің әрқайсымыздың жетістіктеріміз - үлкен болсын, кішкентай болсын, жалпы сәттіліктің көрінісіне әшекей сияқты.
Өткен жыл біздің университетіміздің тарихы үшін ерекше және маңызды бір жаңалықтар әкелді. Өткен жылдың оқиғаларына назар аударып, ең жарқындарын атап өткім келеді, олар – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың біздің университетке келуі, жаңартылған ЖЭК «Простор» іске қосылуы, ШҚМТУ және «ҮМЗ» АҚ профильді оқытудың алғашқы магистранттарының шығуы, Ташкент университетінде Қ.Сәтпаев атындағы аудиторияның ашылуы, «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» дөңгелек үстел өткізілді,
Үлкен Алтай музейінде Алтайдың ежелгі білімі мен мәдениеті залы ашылды, жеті академиялық бағдарлама сәтті аяқталды, QS халықаралық рейтингінде жетекші орындарды иеленген АҚШ пен Ресейдің жетекші университеттерімен байланыс орнатылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» рейтингі бойынша – біздің университеттің 11 білім беру бағдарламасы Қазақстандағы алғашқы бестікке кіруі.
Өткен жылдың тәжірибесі болашаққа үлкен жоспарлар құруға, жаңа биіктерді бағындыруға мүмкіндік береді.
Мен баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын және барлығыңа 2020 жылы уақыт сіздер үшін жұмыс жасауын тілеймін.
Жаңа 2020 жыл біздің университетке жаңа жетістіктер мен жеңістер әкелсін. Денсаулық, бақыт, барлық істерде табыс және әрқайсымызға амандық тілеймін.