Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент өкілдері

Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аға офицері Бекбаева Гульнур Айткумаровна іске асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерлік жобасы» туралы түсіндіріп, волонтер ұғымына жалпы түсінік беріп, олардың қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды. Сонымен қатар, жастарды қоғамға пайдалы іспен шұғылдануға, аталған жобаға қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға ат салысуға шақырды. Студенттерге бейнеролик көрсетіліп, волонтерлерді тіркеу Департамент тарапынан жүзеге асырылатыны айтылды. Волонтер болуға ниет білдірген кез келген студентпен кері байланыс жасалатыны жеткізілді, арнайы чаттарға тіркелу ұсынды.

Кездесу соңында волонтерлер өз ойларын білдіріп, 3 курс студенті Есенова Фариза патриотты тұлға ретінде волонтерлік жобасына өз үлесін қосуға ниетті екенін жеткізді.