Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті ынтымақтастық аясында қайта оқытудан өтуге, біліктілікті арттыруға және Ресей Федерациясының мемлекеттік үлгідегі дипломын алуға бірегей мүмкіндік береді. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары 2021 жылдың 1 ақпаннан 30 маусым аралығында «Орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі» (250 академиялық сағат) курсын сәтті аяқтады.
Оңтүстік Орал мемлекеттік университетіне замануи білім беру және ақпараттық технологиялардың кең спектрінің қолдану арқылы кәсіби маңызды білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз және ұзақ мерзімді жемісті өзара әрекеттесуге үміт білдіреміз.