2024 жылдың 30 сәуір күні сағат 10-00 де «Д. Серікбаев атынағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде» орналасқан «Лу Бань шеберханасында» БАҚ өкілдеріне пресс-тур өткізіледі.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 2023 жылдың желтоқсанында заманауи Қытай технологияларын, оның ішінде электромобильдерге қызмет көрсету технологияларын пайдалана отырып, автомобиль көлігі саласындағы инженерлерді даярлауға арналған бірегей "Лу Бань" шеберханасы ашылды. Шеберхана ашылу рәсіміне Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

2024 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға барды. Онда жоғары оқу орнының қызметімен және оның базасында ашылған "Лу Бань шеберханасы" оқу орталығымен танысты.

Айта кету керек, Қытай тарапынан Тяньцзинь кәсіби институты шеберхананы толық жабдықтаған.

Жоспарда келесі зертханалармен таныситыру:

  1. "Бензин қозғалтқышы бар автомобильдерді жөндеу және диагностикалау" зертханасы (жанармай көлігі (ішкі жану қозғалтқышы бар), дөңгелектерді орнату бұрыштарындағы стенд, майды жинау аппаратурасы, жарықтандыру жүйесін тексеру және диагностикалауға арналған оқыту жүйесі, автокөлік ыңғайлылығын тексеру және диагностикалауға арналған оқыту жүйесі, автокөлікті тексеру және диагностикалауға арналған құрал, шиналарды теңестіру стенді, шиналарды монтаждау стенді);
  2. "Дәстүрлі автомобиль жүйелерін симуляциялық сынақ" зертханасы (қозғалтқышты тексеруге және диагностикалауға арналған оқыту жүйесі, тестілеуге арналған оқыту платформасы, бөлшектеу-қозғалтқыштың механикалық жүйелерін құрастыру, автоматты қорапты бөлшектеуге және тексеруге арналған жүйе);
  3. "Техникалық жабдықтау, электромобильдер мен гибридті автомобильдерді жөндеу және диагностикалау" зертханасы (электромобиль, гибридті автомобиль, зарядтау тірегі (баяу және жылдам), электромобильдің тартқыш қозғалтқышы бойынша оқыту платформасы, электромобильдің тартқыш батареясы бойынша оқыту платформасы);
  4. "Автомобильдердің SMART-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ" зертханасы (ADAS технологиясын оқыту платформасы, "ақылды" көлік қозғалысының құм үстелі-тренажері, зияткерлік көлік құралдарын оқыту жүйесі, ROS зияткерлік оқыту машинасы).

Пресс-тур ШҚТУ-дың Протазанова 69 орналасқан бірінші ғимаратында өтеді.

Спикер: Машекенова Әсия Хасенқызы - техника ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.

 

Анықтама үшін байланыс:
Ақпараттық саясат және медиа коммуникация орталығының
басшысы Қасымова Қарлығаш +7 705 527 96 00