2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-да  Өскемен ішкі саясат басқармасының қалалық жоғары оқу орындары және ТжКББ студенттермен кездесуі ұйымдастырды.

Тәрбие жұмысы Басқармасының студенттік шығармашылық бөлімі басшысы Дарын Қалибекұлы қатысушыларға алдында сөз сөйледі.

ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының  діни ахуалға талдау және мониторинг жүргізу бөлімі басшысы Алуа Сабалакова аймақтағы діни ахуал жайында әңгімеледі.

Қатысушыларға сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың идеологиясының қауіпі  және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары түсіндірілді.

Шара ШҚМТУ тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің қолдауымен өткізілді.

ШҚМТУ Баспасөз Кызметі