Д. Серікбаеватындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мәжіліс залында ерекше кеш өтті. Рухани-ғылыми оқиға орын алды. Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Санжар Керімбайдың “Қаныш Сатпаев және ғылыми майдан” атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Таңғажайып саз бен қазақи нақыштағы дәстүрлі әндеріне толы бұл шара университет фойесінде “Алтай” фольклорлық ансамблінің әуезді музыкасымен бастау алды. Кеше келген қонақтар ғылымның адам өміріндегі беделі мен ел дамуының негізі туралы ой тереңдеткен «Ғылым және білім ел дамуының негізі» атты кітап көрмесін тамашалап, қазақ ғылымының жарқын парақтарына көз жүгіртті.
Санжар Керімбайдың туындысы - Қаныш Сәтпаев тұлғасын жаңа қырынан танытатын, терең ғылыми әдістерді қолдана отырып жазылған ерекше еңбек. Автор экзистенциалы талдау, онтология, логотерапия және феноменологиялық әдістер арқылы ғалымның шешімдерін жас буын өкілдеріне философиялық тұрғыдан қарапайым тілде түсіндіріп, оның ғылым жолындағы қайсарлығы мен табандылығын ашып көрсетеді.
Таныстырылым барысында автор өз кітабының жазылу тарихымен бөлісіп, Сәтбаевтың өмірлік ұстанымдарының қазіргі жастар үшін маңызды үлгі екенін атап өтті өз сөзінде. Сондай-ақ, Санжар Керімбай қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен мәдени мұрасын насихаттау туралы ой қозғап, жастарды туған жерінің өркендеуіне үлес қосуға шақырды.
Модеатор Әскерхан Ақтайдың шебер басшылығымен өткен кездесу мазмұнды пікірталасқа толы болды. Құрметті қонақтар - Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының директоры Бағдат Құдияр, Абай және Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоғамдық қордың өкілдері Сағымбаева Ажар мен Бекзат Нұртай - кітаптың құндылығын, оның отандық ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін айрықша атап өтті.
Жиналған зиялы қауым өкілдері, студенттер мен қала тұрғындары Қаныш Сәтбаевтың ғылымға деген адалдығы мен табандылығына тәнті болып, оның ерлігін елдігін өздеріне өнеге еткендері анық. Бұл кездесу тек кітаптың тұсаукесері ғана емес, ғылым мен руханиятты тоғыстырған мазмұнды басқосу болды. Мұндай шаралар ұлттың рухани және интелектуалдық байлығын ұлықтауға, жастардың бойына отансүйгіштікке бағытталған.
Кездесу соңында қонақтар Қаныш Сәтбаевтың тұлғасы мен мұрасына тағзым ете отырып, болашаққа жаңа идеялармен шабыттана аттанды. Сондай-ақ жаңа кітаптардың көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар түрлі буын өкілдеріне арналаған кітаптарды алуға мүмкіндік алды.
Шараны ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына және авторға алғысымыз шексіз. Бұл кездесу Қазақстан ғылымы мен руханиятының жаңа белестерін бағындыруға тағы бір қадам жасағандай әсер қалдырды.