КЕАҚ «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» BR21881921 «Индустриялық даму және жаһандық процестер жағдайында Ертіс өзені бассейнінің су экожүйесін бағалау»  бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру  аясында  жұмыстарды орындау жалғасуда.

Іс-шаралар жоспары бойынша осы кезеңде Ертіс өзенінің арнасын, ағындардың «River Surveyor M9» доплерлік акустикалық профилографын пайдалана отырып, қалқымалы гидробортта зерттеулер жүргізіледі. Бұл құрал өзен арнасының гидрометриясы мен батиметриясының жоғары дәлдікті, сенімді деректерін алуға мүмкіндік береді.

Гидрографиялық зерттеулер жүргізу кезінде «APACHE 3» ұшқышсыз су дрондары да қолданылды және Ертіс өзенінің  зерттелетін жармаларында судың сапалық көрсеткіштерін анықтау үшін сынамалар алынды.

Бұл аспаптар су ресурстарын қашықтан бақылау үшін перспективалық құралдар болып табылады және Ертіс өзенін зерттеу кезінде Өскемен қ. жармасында қызметкерлер сынақтан өткізді. Орындалатын өлшемдер Ертіс өзені бассейнінде ластанудың таралуын бағалау геопорталын құру үшін қажет.

Зерттеулерде қолданылатын технологиялар Ертіс бассейнінің аумағындағы зерттелетін объектілердің жармаларында су сапасына және гидрометрияға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Зерттеу кезінде Ертіс өзенінде судағы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлеріне техникалық сүйемелдеуді ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖД қызметкерлері көрсетті.

Жоба жетекшісі 
Колпакова В.П.