Бүгін Эрасмус+ «MIETC» жобасын іске асыру аясында серіктестер Тәжікстандағы «Технологиялық кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасының танысытырылымына жиналды. Жобаның стейкхолдерлерімен, атап айтсақ, жұмыс берушілерімен, оқытушыларымен, түлектерімен кездесу өтті.

Аталған университет ректорымен кездесуде Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-мен ынтымақтастықтың болашақ бағыттары, оның ішінде профессорлық-оқытушы құрам мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, ғылыми жобалар, біліктілікті арттыру және академиялық тәжірибе сынды тақырыптар қозғалды.

Бұдан әрі ШҚТУ делегациясы «Технологиялық кәсіпкерлік» бағдарламасын ілгерілету бойынша Испания, Италия және Тәжікстандағы әріптестерімен бірге осы білім беру бағдарламасының мазмұны мен оқыту нәтижелері, стипендиялық бағдарламаларға түсу шарттары және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері жайында айтып берді. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғылыми-академиялық қызметін таныстырғаннан кейін, тәжік компаниясының өкілдерінен тау-кен металлургия, энергетика, машина жасау және IT бағыттарында біліктілікті арттыру және магистратураны оқыту курстарын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы ұсыныстар түсті.