Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» тапсырмасын іске асыру аясында Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ делегациясы Шемонаиха қаласына жұмыс сапар жасады.
Аймақ тұрғындарына ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов, ОӘЖ бойынша проректор Сауле Рахметуллина, Мансап Орталығының жетекшісі Карим Сайполла, Кәсіби бағдарлау бөлімінің жетекшісі Карим Сайполла және ШҚМТУ-дың басқа да өкілдерінен құралған үгіттеуші топ Университет жайнда нақты әрі толыққанды мағұлмат ұсынды. Іс-шараға шамамен 200 адам қатысты.
Қатысушылар назарына кафедралар, мектептер, ҚР БҒМ және облыс Әкімі гранттары, перспективалары, академиялық ұтқырлық жайлы, сондай-ақ жалпы университет туралы негізгі ақпаратты ұсынылды. Өз кезегінде, түлектер, ата-аналар мен мұғалімдер қабылдау ережелері туралы, одан әрі жұмысқа орналастыру, жеңілдіктер жайында көптеген сұрақтар қойып, барлығына толыққанды жауап алды. Барлық кездесулер сындарлы сұхбат форматында өтті.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі