Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні ұлттық өнер мен спорт түрі - садақ атудың техникасы, тарихы, садақ ату өнерін дәріптеу жөнінде студенттермен кездесу өтті.

Садақ ату өнері - бабалар жолының бүгінгі қазынасы. Осы ұлттық өнерді насихаттап, әлемдік деңгейге шығарып жүрген, елімізде бірнеше федерациялар құрылуда. Солардың бірі қаламыздағы «Oskemen sadaq atu» дәстүрлі садақ ату Федерациясы қоғамдық бірлестігі.

Кездесу барысында «Oskemen sadaq atu» Федерациясының Президенті Ажар Рахметқызы студенттерге садақ ату өнерімен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстары бойынша презентация жасады.

Жалпы, садақ ату барлық спорт түр¬лері секілді денсаулыққа өте пайдалы. Не¬ліктен біз естіген түрлі аңыздарда хан¬дар мен патшалар өз қыздарын жамбыны атып түсірген жігітке береміз деп шарт қойған? Өйт¬кені мергендер епті әрі ақыл-ойы жоғары болады деп санал¬ған. Нысананы дәлдеу үшін адам миында қаншама фор¬¬мула құрады, амал ойлас¬ты¬¬ра¬ды, жоспарлайды - мұ¬ның бәрі тұнып тұрған мате¬ма¬ти¬ка. Ден¬саулық тұрғысынан айт¬сақ, садақ ату арқаны тік ұс¬тау¬ға, көру қабілетінің жақсаруына көп көмектеседі.

Іс-шараның мақсаты, студенттердің және қызметкерлердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуді ұйымдастыру.

Кездесуді Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.