Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері "3,2,1, старт!» республикалық экологиялық жобасы аясында ұйымдастырылған Ертіс жағасындағы сенбілікке қатысты.

ЖОО өз алаңында "жасыл" бастамалар жүзеге асырып, осы дендес бастамаларды қолдап отырғаны бірінші жыл емес. Биыл ШҚТУ жобаға серіктес болып, негізгі мақсатына: Қазақстан жастары арасында пластик жинауды және оны қайта өңдеуді дамыту және танымал ету, сондай-ақ орнықты дамудың жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге үндестік қосты.

Іс шарада университеттер қоқысты үйлестіріп жинаудан жарысты. Пластмассаның ең көп мөлшерін жинаған университетке қайта өңдеуге арналған жабдық беріледі.

Үйлестірушілер жобаны республиканың түрлі қалаларында ұйымдастырса, бұл жолы сенбілік Өскеменде өтіп, студенттер "Жасыл Ел" жасағымен бірге қаламыздың Ертіс жағалауындағы ең әдемі жеріне тәртіп орнатты.
Іс-шара басталар алдында "3,2,1, старт!" жобасының үйлестірушісі Асыл Оқапов пен ШҚТУ кураторы Ольга Петрова қоқысты бөлек жинаудың маңыздылығы туралы қысқаша дәріс өткізді. Кейін, жастар пластик, шыны және басқа қалдықтарды бөлек жинап, сұрыптады.

Жобаның ұраны - "Өз үлесіңді қос!". Сенбілікте көптеген қоқыстар жиналса да, осындай іс-шаралар мен жобалардың арқасында жағдай жақсы жаққа өзгереді деп үміт артамыз. Іс-шара ұйымдастырушылары мен қатысушылар қала тұрғындарын табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.