Бүгін, Алғыс айту күніне орай студенттермен «OPEN TALK» әңгімелесудің ашық алаңы өтті. Іс-шараның мақсаты - студент жастардың үлкендерге сыйластық қатынастарын дамыту, ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін қалыптастыру, қоғаммен үйлесімді байланыс жасауға үйрету, әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт-дәстүр мен мәдениетті бойларына сіңіру.
Ашық алаң қонағы «Парасат» кеңес беру – әдістемелік орталығының басшысы Беркімбаев Индира, Алғыс айту күнінің маңыздылығына тоқталып, өз пікірімен бөлісіп, ойын ортаға салды. Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, толғандырған сұрақтары бойынша әңгімелесіп, дәріскерден өз жауаптарын алып, ризашылықтарын білдірді.