Ағымдағы жылдың 30 наурызы күні «Amanat» партиясының ШҚО филиалының «Jas Otan » Жастар қанатының ШҚО филиалының ұйымдастыруымен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде республикалық «Таза сессия» акциясы шеңберінде анонимді сауалнама өткізілді. Сауалнамаға 1-4 курс аралығындағы 269 студент, 27 магистрант, 3 докторант қатысты.
Акцияның мақсаты студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау.
Акцияға Шығыс - Адалдық Алаңы жобалық кеңсесінің менеджері, Өскемен қалалық мәслихатының депуттары және Жастарды қолдау кеңесінің мүшелері қатысты.