Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ақпараттық технологиясы және энергетика факультетінің екі студенті – Гауһар Назенова мен Игорь Данько ҚР Тұңғыш Президенті Қорының студенттік стипендияларын алу жөніндегі республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатына қатысты. Біздің бұл екі студент Президент стипендиясының иелері болып табылады.
Байқау ережелері бойынша оған ҚР жоғары оқу орындарының екі курсты жоғары бағамен аяқтаған, қоғамдық жұмыста белсенді, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметте көзге түскен, беделді, күндізгі бөлімде оқитын студенттер жіберіледі.