Ағымдағы жылдың 2-17 ақпан аралығында ұжымдық иммунитет деңгейін арттыру мақсатында ревакцинацияның маңыздылығы бойынша 1-4 курс студенттері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жүйелі жұмыс барысында, Семей медицина университетінің оқытушылары ғылыми негізделген 6 онлайн-дәріс (қазақ және орыс тілдерінде) өткізді.
Іс-шараны әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.