ШҚМТУ Жоғары Техникалық колледжінің 17-ОП-1р  тобында «Информатика» пәні бойынша «MS Power Point-те шығармашылық жұмыс жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ ойын форматында өтті. Студенттерге алдын-ала «Өскемен қаласының экологиялық мәселелері» тақырыбында мәлімет табуға және дайындауға тапсырма берілді. Бұл ақпарат «MS Power Point» бағдарламасында презентациялық жұмыс дайындауда қолданылды. Студенттер екі топқа бөлінді. Олардың әрқайсысы газет редакциясының қызметкері рөлін сомдады, тапсырма дұрыс орындалды. Сабақ соңында проектор экранында қызықты және танымдық материалдар көрсетілді. Бұл ақпарат сабақтың тақырыбын толығымен ашты. Студенттер жиналған материалдарды көрсету үшін аталған бағдарламаның барлық мүмкіндіктерін пайдаланды.

Сабақ соңында қорытынды жасалып, студенттер тамаша пікірлер мен рейтингтер алды.

Матаева Г.У.