29 қыркүйекте Erasmus + бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын 610198-EPP-1-2019-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP «Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін басқару жөніндегі магистрлік бағдарламаны әзірлеу» (MIETC) жобасына қатысушылардың онлайн-кездесуі өтті.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінен кездесу жұмысына оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Қонурбаева Жадыра Тусупкановна және аға ғылыми қызметкер Юсубалиева Мадина Файзуллиновна қатысты.

Кездесуде жобаны іске асырудың әкімшілік және қаржылық аспектілері, жобаның сапасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, жаңартылған жұмыс жоспары ұсынылды. Сондай-ақ, магистрлік бағдарламаны әзірлеу және дайындау, мүдделі тараптардың қажеттіліктерін зерттеу, халықаралық магистрлік бағдарламаларды талдау мәселелері қаралды. Жоба аясында ағылшын тілін оқыту бағдарламасы жеке қарастырылды.