Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының басшысы, полковник Олег Манцуров Үндістан елшілігі жанындағы әскери Атташе аппаратының шақыруымен Үндістан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған Үндістан Ұлттық Кадет Корпусының лагеріне барды.
Айта кетейік, ШҚТУ 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусымен ынтымақтастықта. Екі жақты ынтымақтастық барысында әскери кафедраның офицерлері мен студенттері Үндістан Республикасына 10 рет барды.
Іс-шара аясында қатысушылар шерулерге, мәдени бағдарламаларға қатысып, Тәж Махал, Кутаб-Минар, Қызыл Форт және т. б. сияқты тарихи және мәдени маңызды орындарға барды. Сондай-ақ, өзара тиімді ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.