Біздің университетпен танысқан соң Ши Даган осындай қорытынды жасады.
ШҚО-СҰАА бизнес-кездесуінің аясында Қытай делегациясы «Іргетас» зертханасын, Festa роботталған құрастыру линиясын, MITSUBISHI ELECTRIC, SIEMENS фирмаларының бағдарламаларын бақылау, оқыту зертханасын аралады.
- Сіздердің зертханаларыңыз заманауи және үздік қондырғылармен жабдықталған-, деді округтің Халықтық Үкіметі Төрағасының орынбасары Ши Даган. - Сіздер студенттерді осыларды пайдаланып оқытасыздар, яғни университет түлегі ертең нақты өндірістік жұмысқа, жоғары технологияларды пайдаланып іс атқаруға дайын болып шығады.Дәл осылай болуы керек деп есептеймін.
Сонымен, шекаралас аймақтардың кездесу орны біздің университет болуы дәстүрге айналды. Шығыс Қазақстанның серіктестік болашағы ең жақын шекаралас көршілердің бірімен талқыланды.
- Шығыс Қазақстан және Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ ауыл шаруашылығында, туризмде ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетіне ие болып отыр...- деді Ши Даган өз сөзінде. - Бүгінгі алда тұрған міндет осы ынтымақтастықты біздің кәсіпорындар арасында ғана емес, халықтарымыз арасында да жаңа деңгейге шығару.
Бинес-кездесу жұмысына ЕМА компаниясының вице-президенті Чен Ган, ТБЕА компаниясының басшысы Чжан Син, басшылар мен мамандар тобы қатысып, сөз сөйледі.
Біздің облысымыздың өнеркәсіп және энергетика саласындағы инвестициялық әлеуеті кандай? Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрлан Мусин бүгінгі жағдай мен перспективаларға талдау жасады. Ауыл шаруашылығына және ағаш өңдеуге инвестициялар... Бұл бағыттағы перспективаларға ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков тоқталды «Мемлекеттік және жеке серіктестіктің аймақтық орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Шәкәрім Бұқтығұтов мемлекет пен жеке бинестің серіктестігінің жолдары туралы айтып берді.
Евразия елдері үшін 21,8 миллионнан астам тұрғыны бар Синьцзян Қытайдың басты қақпасы болып отыр. Біздің елдер арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 758 миллион доллар, экспорт- 510, импорт - 275 миллионға жуық болып отыр. Облыс экспортының 25 % Қытай үлесінде. Автомобильдер, басқа да моторлы транспорт құралдарын өндіру, толайым сауда, жүк тасымалы, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп саласында 50-ден астам бірлескен кәсіпорын бар. ШҚО мен СҰАА ынтымақтастығының жол картасы 2015 жылғы қарашада Үрімшіде өткен бизнес форумның және екіжақты кездеу қорытындылары бойынша жүзеге асырылды.
Биылғы жылдан бастап, денсаулық сақтау, спорт саласындағы ынтымақтастық жаңа күш алды. Үстіміздегі жылдың қаңтарында әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бастаған ШҚО делегациясы Қытайдың СиньЦзян Ұйғыр автономиялық ауданында бірқатар кездесу өткізді.
Бинес кездесудің қорытындысында ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен СҰАА туризм департаменті арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Университеттің баспасөз қызметі