religion

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да студенттер дін жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен кездесті. Оның құрамында ҚР дін мәселелері жөніндегі агенттіктің ғылыми-зерттеу және талдау орталығының қызметкерлері Берікбол Жанақов пен Толғанай Мұстафина болды.

Кездесу мақсаты – діни қызмет және дін бірлестіктері, діни экстремизмге және ланкестікке қарсы тұру бағдарламасын түсіндіріп, студенттік ортадағы діни экстремизм мен ланкестіктің алдын алу жайын ескерту.

Діни ағымдардың теріс бағыттағы негізгі көріністері, елімізде діни экстремизм мен ланкестіктің алдын алу жұмыстары жайлы ашық әңгіме болды. қазір қоғам бірлігі жастар бойында діни және этникалық төзімділік қалыптастырып, тәрбиелеуде екені атап айтылды.