Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың бас оқу ғимаратында KAZ Minerals Ақтоғай өкілдері университет студенттерімен кездесті. Компанияның қызметкерлері кәсіпорын қызметі туралы презентация өткізді.

«Компанияның түрлі бөлімдерінде тау-кен металлургия саласында, атап айтқанда, металлургия, зертханалық зерттеулер және кен өндіру саладарында 30-дан астам бос қызмет орны бар», - дейді KAZ Minerals Ақтоғай оқыту және дамыту бөлімінің басшысы Шейн Митчел.

ШҚМТУ студенттеріне тәжірибеден өту бағдарламасы ұсынылды. Кадрларды үйлестіруші қызметіндегі Гулжанат Утегенова бағдарлама жайлы, келушілерге қандай мүмкіндіктер ұсынылатыны жайында баяндады.

«Бізбен бірге жұмыс істейтін біздің болашақ жұмысшыларымыз бен әріптестеріміз туралы неғұрлым жақынырақ танысқымыз келеді», - деп түйіндеді кадр бөлімінің басшысы Бауржан Абылкасымулы.

KAZ Minerals - Қазақстандағы қазіргі заманғы көп мөлшерде қаржы шығынын қажет етпейтін тау-кен жұмыстарын дамытуға бағытталған мыс өндіруші компания. Компания қарамығында Шығыс Қазақстан облысында төрт кеніш және үш байыту фабрикасы, Қырғызстан Республикасындағы Бозымчак мыс кен орны және үш өсім жоспарланған жобасы бар: Бозшакөл, Ақтоғай және Көксай.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі