Дулат Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің колонна залында "Тарих, өзекті мәселелер, латын графикасына көшу болашағы" атты Дөңгелек үстел өтті.
Отырыс жұмысына ғалымдар, мәдениет және тілдерді дамыту қалалық, аудандық бөлімдерінің басшылары, облыстық басқармаларының жауапты мамандары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері және т. б. қатысты.
Іс-шараның басты тақырыбы - қоғамдық пікірді қалыптастыру және қазақ тілі латын әліпбиіне көшуінің тарихи – рухани қажеттілігін және маңыздылығын түсіндіру.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі