Сіздерді жаңа 2021-2022 жж. оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын. Бәрімізге белгілі бір жарым жылдан бері, елімізде пандемияға байланысты барлық студент пен ұстаздар қауымы онлайн-қашықтан оқу жүйесі арқылы жұмыс істеді. Енді міне жаңа оқу жылынан бастап, бұрынғы қалыптағы дәстүрлі оқу жүйесі арқылы оқып, жұмыс істейміз. Студенттеріміз екінші үйіндей болған, оқу орнына зор сағынышпен оралатынына сенеміз. Ұстаздар қауымы да тәлімгерлермен қауышатынына өте қуанышты.

Сіздерге осы оқу жылында мол жеміс, толағай табыс пен сәттілік тілейміз!

Басқарма төрағасы-ректор Жасұлан Шаймарданов