Жылы лебізге толы Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймыз! Көктемнің шуақты күнімен мұз болған көңілімізді жібітіп, алысты жақындататын мереке барша қазақстандықтарға қуаныш әкелсін!

Көптеген ұлттың басын біріктіріп, шаңырағының астына тату жұртты топтастырған елімізге, өскелең ұрпақты өнегесіне бөлеп жатқан ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге, еліміздің тірегі болып, елдігін асқақтатып жатқан жастарымызға, дүниені танып, адамгершілік пен білімді ұлықтайтын зиялы қауымдарымызға Алғыс айтамыз!