Өскемен қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай қаладағы этнос жастар арасында «Абай оқулары» байқауы өтті. Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын Абай шығармашылығы арқылы насихаттау, қазақ тілі мен әдебиетіне, тіл мәдениетіне деген этнос өкілдерінің қызығушылығын арттыру, талантты жастарды табу.
Аталған шараға «Абай» клубының мүшелері: 19-ИСК-2 тобының студенті Рожинский Артем мен 17-ТРК-1тобының студенті Хидиров Жонибек қатысты. Абай шығармаларынан «Жүректе қайрат болмаса», «Сенбе жұртқа тұрса да , қанша мақтап» өлеңдерін оқып, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман –эпопеясынан үзіндіні әртістік шеберлікпен орындады. Сарапшылар қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігін, дұрыс дыбысталуын, сахналық образы мен әншілік өнерін ескере отырып бағалады. Студенттеріміз алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сөз өнері мен көркемсөз оқу және Абай шығармаларына деген сүйіспеншілік дарыған жастар көңіл қуантты.
ШҚМТУ-дың «Абай» клубы