Кездесуде жоба авторы Айдана студенттер үшін өзекті мәселе «Күйзеліс және оның дұрыс шешілу жолдары» атты тренинг форматындағы кездесуін өткізді. Қонағымыз коуч-тренер,психолог Гульфия Октябревна. Кездесу мақсаты әрбір студентті мазалап жүрген ойларды, сұрақтарды дұрыс түрде жинақтап, сапалы әрі мәнді өмір сүру құпиялары жайлы студенттерге кеңінен мәлімет беру.

Гульфия Октябревна студенттермен психологиядағы 4 темперамент туралы қызықты әңгіме жүргізді. Әр адам бойында осы 4 темпераменттың біреуі сізге тән екенін анықтай отырып, студенттерге әртүрлі психологиялық тест ұсынды.

Ар апта сайын өткізілетін ТЕD x жобасының қонақтары әр кездесуде тың тақырыптарды қозғап, студенттерімізге мықты идеялар мен көңілді көңіл - күй сыйлауда.