Ойынға жатақхана студенттерінен құрылған «Эффект» командасы, IT-Колледж студенттерінің «Дикий дарабоздар», сәулет және құрылыс Мектебінің «Чпок» және жер туралы ғылымдар Мектебінің «Қос аққу» командалары қатысты. Қонақ команда ретінде медициналық колледждің «Вегас» және С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Десең иә» командалары өнер көрсетті. Жүлде қоры 100 мың.

Әділқазылар құрамында республикалық «Айқын» газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі, ҚР журналистер одағының ШҚО бойынша филиалының төрағасы Азамат Қасым, «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Думан Кенжеғазин және университетіміздің ең алғашқы жайдарман тобының фронтмені, актер, КТА жоғары лига ойыншысы Жарқын Калибеков, ардагер жайдарманшы, «Normal WORK» ЖШС директорының орынбасары Ильяс Мағауиянов болды.

Ойын демеушісі - «Normal WORK» ЖШС директры Айдын Бакимбаев. «Жайдарман» ойындарының фестиалі қорытындысы бойынша бас жүлде «Эффект» командасына бұйырды. 1 орынды «Чпок», 2 орынды «Қос аққу» командалары иеленді.

«Көрермен көзайымы» номинациясын «Десең иә», «Үздік әзіл» «Қос аққу» командалары жеңіп алды. «Үздік ойынша» - Ахмет Арна атанды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!