Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Ғылыми кеңесі өтті. Күн тәртібінде 2023-24 жылға арналған студенттердің сапалы контингентін құру, ғылым мен жоғары білім саласындағы соңғы трендтер, университет брендбугін бекіту және т.б. мәселелері қаралды.
Ғылыми кеңесте университетте ребрендинг жайлы айтылды. Профессорлық-оқытушы құрамға және қызметкерлерге жоғары оқу орнының жаңа бағыты, таңбасы, қанатты сөзі және тағы да ба өзгеріске ұшыраған тұстары туралы баяндалды.
Ребрендинг – уақыт талабы. Бұл білім ордасында жыл сайын жаңарып тұратын жастардың сұранысына жауап болмақ. Айтулы өзгерістер тек университеттің ішкі және сыртқы стратегиясымен емес, мемлекеттік деңгейдегі жоғары білімнің беталысы десек артық айтпағандық.