Тазалықты сақтауда сенбіліктің орны зор. Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың шаруашылық департаменті сенбілікке шықты. ЖОО 20-ға жуық қызметкері белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, тротуарлар мен газондарды тұрмыстық және өсімдік қалдықтарынан тазартты.
Жиналған қоқыс арнайы көліктерге тиелді. Жұмыс аяқталған соң, сенбілікте еңбек еткен жандар үшін дастархан жайылды.
Сенбіліктер мұнымен шектелмейді, санитарлық жұмыстар әлі де жалғасатын болады. Сондықтан, ШҚТУ-дың әрбір мектебінің қызметкерлері мен студенттері алдағы уақытта университет терреториясын қоқыстан тазартуда өз үлестерін қоса алады.