Студенттер күні қарсаңында Түркістан қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Студенттер кеңесінің І отырысы өтті.
ШҚТУ тарапынан шараға студенттік өзін-өзі басқару бойынша Ректордың кеңесшісі Қабдылғазы Тимур Талғатұлы қатысты.
Тимур Талғатұлы «бұл отырыс Қазақстан Республикасының студенттік тарихындағы елеулі сәт» болғанын хабарлайды. Өйткені, Студенттер Кеңесі қолға алған идеялар жастардың қабілетін ашып, демалысын ұйымдастырып, әлеуметтік ортасын құруға зор ықпал етеді.
Отырыста еліміздің көптеген университеттеріне қатысты маңызды мәселелер көтерілді.
Мамандар жас буын қызметіне қатысты жағдайларды жақсарту үшін барлық жұмысты іске асыратынына сендірді.
17 қарашада әлемде жыл сайын Халықаралық студенттер күні (International Students' Day) атап өтіледі.
Студенттерді құттықтаймыз және оқуларына сәттілік тілейміз. Әрдайым жеткен жетістіктерімен, болашағы үшін маңызды білімдерін мақтан тұтуына тілектеспіз. Қазақстан үшін бақтары жанып, технологияларды жетілдіруге септігі тисін және болашақта орны толмас қабілетті мамандарға айналсын деп тілейміз!